«Ғарыштан түсірілген суретте Қазақстанның үстінде бұлтты суық ауа ағындары байқалып тұр. Алдағы тәулікте республиканың көптеген облыстарында жаңбыр жауып, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың кейбір жерлерінде күшті нөсер болуы ықтимал», - деп хабарлады синоптиктер.
Салқын ағындардың артынан Кавказ аумағынан антициклон таралады. Соған байланысты республика аумағында жауын-шашын тоқтап, температура төмендейді.
Батыс Сібірге Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан кезекті циклон жетеді. Ол Қазақстан аумағынан алыс болса да, оған кіретін арктикалық атмосфералық ауа ағындары жүйесі 20-21 қазанда республиканың батыс және солтүстік облыстарына ауысып, жауын-шашын алып келеді.