Қазақстанға ауысқан суық антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне жылжиды, ал солтүстік тропосфералық ауа ағындары батысқа ауысып, ауа температурасы көтеріледі.
Бірақ, алдағы екі тәулікте орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлердің кей жерлерінде түнде үсік жүреді, ал Қазақстанның қиыр солтүстігінде жаңбыр жаууы ықтимал.