Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ыстық болатынын болжады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ыстық болатынын болжады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

«Алдағы үш тәулікте елдің шығысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында кей жерлерде өткінші жауын жауып, найзағай ойнап, ауа температурасы қалыпты көрсеткіштен 2-3ºС төмен болады. Қазақстанның қалған аумағындағы ауа райына жоғары атмосфералық қысым әсер етеді.  Мұнда екүн ашық болады, батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте күн ыстық болады, ауа температурасы плюс 30-35, кей жерлерде 36-41ºС-қа жетеді. Бұл нормадан 3-7ºС жоғары», - делінген хабарламада.