Мұндай метеорологиялық құбылыстар Ресейдің еуропалық бөлігінен Батыс Сібірге қарай жылжыған циклондармен байланысты болады.
«Әсіресе, 200-500 метрге дейін көруді нашарлататын бұрқасын боран мен көктайғақ қауіпті. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына тағы да оңтүстік циклоны ықпал етеді. Яғни, жауын-шашын мен тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы климаттық нормадан 3-6ºС жоғары болады», - делінген хабарламада.