Синоптиктер алдағы үш тәулікте күн суытады деп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2017 жылдың 4-6 сәуіріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстанның алдағы үш тәуліктегі ауа райын Қара теңізде орналасқан циклонға байланысты биік барикалық қолат анықтайды. Республика аумағына қолатпен бірге арктикалық суық және ылғалды ауа ағымдары ілесіп келеді. Осыған байланысты сәуір айының басында ауа райы өте суық болады», - делінген хабарламада.

4-6 сәуір аралығында көптеген облыстарда ауа температурасы климаттық нормадан 2-6º С-қа төмендейді. Жауын-шашын мен сулы қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады. Тек батыс облыстарда 5 және 6 сәуір күні Ресейдің Еуропалық бөлігіндегі антициклонның ықпалымен жауын-шашын тоқтап, температура жоғарылауы мүмкін.

Астанада 4 сәуір күні күн жартылай бұлтты, қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні 9-14, түнде 15-20 м/с-қа жетеді деп күтілуде. Түнде ауа температурасы 4-6°С, күндіз 0°С болады.

5 сәуір күні елордада: күн жартылай бұлтты, түнде және таңертең қар жауады. Солтүстік-батыс, батыс желінің ұйытқуы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз 0,-2°С-ты құрайды. 6 сәуірде Астананы жартылай бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіп тұр. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с-қа жетеді. Түнде температура -6-8°С, күндіз 1 3°С болуы ықтимал.

Алматыда 4 сәуір күні күн жартылай бұлтты, түнде және түске дейін жауын-шашынды болып, тұман түседі деп болжануда. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0,-2°С, күндіз 6 8°С. 5 сәуірде бұлтты, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, тұман түседі. Желдің ұйытқуы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 0,-2°С, күндіз 6 8°С. 6 сәуірде Алматыны жартылай бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіп тұр. Түнде және таңертең тұман түсіп, 0-5 м/с-тық жел тұрады. Температура түнде 0,-2°С, күндіз 6 8°С-ты құрайды.