Синоптиктер Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкіндігін ескертті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК өкілдері  Алматы облысында қар көшуі мүмкіндігіне байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Алматы облысының таулы аймақтарында қар жамылғысының қалың болуы және жылымықтың салдарынан 24-26 наурыз аралығында қар көшкіні болуы ықтимал», - делінген хабарламада.

Көшкін қауіпіне байланысты ірі тау бөктеріне шығуға тыйым салынады.