«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалы болжау бөлімінің басшысы Айна Қазғұлованың айтуынша, қар аралас жауын-шашынның тәуліктік мөлшері 13 мм-ге жеткен.
«Облыстың оңтүстігі мен шығысында қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болатыны болжанып отыр. Түнде екпіні 18-23, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-6 градус аралығында аяз болса, күндіз -3 2 аралығында құбылады. 7 ақпанда осындай ауа райы сақталып, боран, тұман, көктайғақ пен жел соғады. Сондықтан тұрғындар алысқа жолға шықпағаны жөн. Қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет», - дейді Айна Қазғұлова.
Оның айтуынша, 8-9 ақпанда түнде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Жауын-шашынның соңы көктайғаққа ұласады. Солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы болады.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау көшелерінен кешеден бері 2,4 мың тонна су сорылғанын жазған болатынбыз.