деп хабарлады РБК.
Мұндай бастаманы портты Хук-ван-Холланд қаласының муниципалитеті ұсынды, деп жазды британдық The Telegraph газеті.
Қалалық шенеуніктердің пікірлерінше, болжанған ауа райындағы қателіктер туристік бизнеске шығын келтіруде.
Хук-ван-Холланд қаласындағы шағын қонақүйдің иесі Питер ван Куценнің айтуынша, ауа райын болжауда жіберген қателіктері үшін синоптиктерге айыппұл салу қажет. «Синоптиктердің жасаған соңғы болжамы мүлдем сәйкес келмеді, оның арты туристік бизнестің ақсауына соқтырды. Адамдар ауа райының қолайсыздығына байланысты сапарға шығудан бас тартуда. Менің ойымша, дұрыс ауа райы болжамын бермеген синоптиктерге айыппұл салу қажет», - деді ол.