Синоптиктер бүгін қалалардағы ауа сапасы қандай болатынын айтты
05:32, 02 Маусым 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 маусым күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 2 маусым, бейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Ақтөбе қаласында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.