Синоптиктердің болжамынша, ҚР аумағының басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады.
— Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар жаууы, жаяу бұрқасын болжанады. Республика бойынша тұман, батысында — көктайғақ, шығысында және Алакөл көлдері аймағында жел күшеюі күтіледі, — делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елдің солтүстігінде, батысында ғана аздаған қар жауатыны болжанған.