Қазақстан аумағы арқылы араласқан атмосфералық ағындар таяу үш тәулікте солтүстіктің кей өңірлеріне, шығыс пен солтүстік-батысқа найзағаймен өткінші жауын-шашын алып келеді деп күтілуде.
Қазақстанның қалған аумағында жоғары атмосфералық қысымның ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз, күн ыстық болады.
Астанада 1 шілдеде бұлт шығып, өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан - 9-14 м/с. Түнде температура 15 17°С, күндіз 24 26°С.
2 шілде: Ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батысқа ауыса отырып, солтүстік-батыстан соғады - 5-10 м/с. Түнде температура 13 15°С, күндіз 29 31°С.
Астанада 3 шілдеде - ауыспалы бұлт шығады, күндіз өткінші жауын, күн күркіреуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан - 9-14 м/с. Түнде температура 15 17°С, күндіз 30 32°С.
Алматыда 1 шілдеде ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде температура 16 18°С, күндіз 29 31°С. 2 шілдеде ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде температура 18 20°С, күндіз 31 33°С.
Алматыда 3 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде температура 18 20°С, күндіз 33 35°С.