Синоптиктер екі облыста ескерту жариялады
16:03, 20 Қараша 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 21 қараша күні Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, тұман болады. Күндіз оңтүстік-батыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғатыны күтіледі.
Сондай-ақ 21 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерін тұман басады, көктайғақ сақталады.