НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда, Батыс Қазақстан облысында 13 қазан күні кей жерлерде тұман түседі. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.
Орал қаласында желдің екпіні секундына 18 метрге артуы мүмкін.
Осыған байланысты БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өңірде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқандығын жеткізді.
Сондай-ақ Қызылорда облысында 13 қазанда күні түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Таңертең және күндіз шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).