Синоптиктер еліміздің қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 сәуір күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сәрсенбі күні ауа сапасының нашарлауы үш қалада – Қарағанды, Ақтөбе және Нұр-Сұлтанда болжанады.

Өзге шаһарларда метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.