Синоптиктер елорда мерекесінде күн 32 градусқа дейін ысиды деп болжап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың 16 жылдығын мерекелеу күндері ауа температурасы жылы болады, деп болжайды синоптиктер. 4 шілдеде күндіз +23+25°С, түнде +10+12°С болуы ықтимал.

Келесі күні күндіз ауа температурасы сынап бағанасы бойынша 25 27°С, түнде 12 14°С болады. Ал Астана күні 6 шілдеде ауа температурасы 30 32°С, түнде 15 17°С болады. Сонымен қатар, алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күн райына қарамастан Астана күні мерекесі қала тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл-күй сыйлайды.