Республиканың көптеген облыстарында күн жауын-шашынсыз болады. Бірақ, түнде және таңертең бұрынғыша тұман түсіп, 500 метрлік жол ғана көрінуі мүмкін.
Тек қиыр батыс пен оңтүстіктегі аудандар атмосфералық ағындардың ықпалында болып, жауын-шашын болады. Оңтүстікте өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Ауа температурасы орташа көпжылдық көрсеткішке жақын, оңтүстікте одан 5...7°С-қа жоғары болады.