Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 қараша күні еліміздің қалаларында метеожағдай қолайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 15 қарашада Балқаш, Шымкент, Ақтөбе, Алматы, Тараз, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Қарағанды және Теміртау ауа сапасы қолайлы болады деп күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.