Синоптиктер Қазақстанның 3 облысында ескерту жариялады
20:01, 23 Сәуір 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК ауа райына байланысты Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 24-26 сәуірде жауын-шашынның жаууына байланысты, аталған аймақтардағы өзендердің арнасынан тасуы ықтимал», - дейді синоптиктер.