Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады және жылдамдығы секундына 17-22 метрге жететін жел соғатындығы болжануда. Ал Жамбыл облысының тау асуларында желдің қуаты секундына 25 метрге жетеді.
Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай облыстарында тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысының да кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының кей өңірінде боран соғып, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді және 23-28 градустық аяз болады. Оңтүстік Қазақстан облысында 25-30 градус аяз болмақ. Ақтөбе мен Атырау облыстарында түнде 31-38 градустық күшті аяз сақталады.