Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, түнде және таңертең Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болады деп күтілуде, ал Ақтөбе облысында көктайғақ болады.
Алматы облысында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман, күндіз Жалаңашкөл ауданында секундына 15-20 метрлік жел тұрады. Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде көктайғақ болады.
Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік аумағының көптеген су нысандарында одан әрі мұз қатады. Оңтүстіктің өзендері, көлдері мен су тоғандарында және республиканың оңтүстік-шығысында су температурасының бірте-бірте төмендеуі байқалады.