Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Алматы облысында 15-20 м/с жел тұруы мүмкін, түнде жекелеген аудандарда тұман түседі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, 15-23 м/с жел тұруы ықтимал.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-22 м/с жел күтілуде, Жамбыл облысында күндіз желдің екпіні 25 м/с болады.
Қызылорда облысында - кей жерлерде көктайғақ болады, 15-20 м/с жел тұрады.
Маңғыстау облысында - кей жерлерде көктайғақ болады.
Қостанай облысының жекелеген аудандарында қарлы боран соғып, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз желдің екпіні - 23 м/с.
Павлодар облысында - кейбір жерлерде бұрқасын, түнде жекелеген аудандарда, күндіз аумақтың басым бөлігінде 17-22 м/с жел, желдің екпіні - 25 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысының жекелеген аудандарында қарлы боран күтілуде, 15-20 м/с жел тұрады, түнде - тұман, көктайғақ.