Синоптиктер қызылордалықтарға ескерту жасады

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы қызылордалықтар үшін дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, 26 шілдеде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр. 

— Жел батыстан, солтүстік батыстан соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші секундына 15-20 метр, күндіз 15-20 метр, облыс орталығында 23-28 метр жел көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, — делінген хабарламада.

Синоптиктер бүгін еліміздің барлық өңіріне толассыз жауын, бұршақ пен аптап ыстықтан қауіп төніп тұрғанын ескерткен болатын.