Синоптиктердің болжамынша, күздің басында Алматыда жазғы ыстық ауа райы сақталады.
Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде 7 12-ден 12 17, күндіз 22 27-ден 27 32 градусқа дейін көтеріледі.
Одан кейін ауа температурасы түнде 5 10, күндіз 21 26 градусқа дейін төмендейді.
«Екінші онкүндіктің жартысында ауа температурасы төмендейді. Түнде 10 15, күндіз 26 31 градус болады. Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде 1 6, күндіз 16 21 градусқа дейін төмендейді деп болжанған», - деп хабарлады Қазгидрометтен.
Сондай-ақ, бір айдағы жауын-шашын мөлшері нормаға жақын болады (норма: 28 мм).
Бірінші онкүндіктің басы мен аяғында, екінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
«Бір айға арналған консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжаммен нақтыланып отырады», - деп атап өтті синоптиктер.