- Егер эвакуациялау аймағында қалуды таңдасаңыз, сізді өлім күтіп тұр деп айта аламын, - деді Джейн Кастор CNN-ге.
Синоптиктер толассыз жауған жаңбыр мен екпінді жел жағалауды ғана емес, ішкі аумақтарды да қатты су басу қаупін туғызатынын ескертеді.
Жағалауда толқын 3-4 метрге жетуі мүмкін.
Флориданың түзеу департаментінің мәліметі бойынша, 4,5 мыңнан астам адам апат аймағынан көшірілді.
Тампа маңындағы әскери әуе базасы да эвакуацияланды.
Агенттік «Милтон» дауылы салдарын жою үшін қажетті ресурстарды барынша дайындағанын хабарлайды: бұл қалалық және теңіздегі іздеу-құтқару топтары, медициналық бөлімшелер, АҚШ армиясы корпусының уақытша күш топтары, инженерлер мен қалдықтарды жою мамандары. Метеорологтар «Милтон» дауылының бірнеше торнадо тудыруы мүмкін екенін ескертеді.
Ұлттық мұхиттық және атмосфералық қауымдастық дауылды Саффир-Симпсон шкаласы бойынша ең жоғары бес санатқа бағаланғанын айтты.