Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-ның синоптиктері наурыз айына арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бірінші онкүндіктің басында және соңында Ресейдің Еуропалық аумағынан келетін суық антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн біршама суытатын болады.

Республиканың кейбір өңірлерінен фронталдық бөлімдердің өтуіне байланысты (жаңбыр, қар), оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы солтүстікте түнде аяз -20 -28-ге төмендесе, күндізгі температура -10, -18 шамасында. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде түнде ауа температурасы 0...8-ге дейін барып, күндіз термометр бағаны 0...5 градусты көрсетеді.

Бірінші онкүндіктің ортасында оңтүстік циклонның әсеріне байланысты еліміздің басым бөлігінде кей жерлерде екпінді жауын-шашын (қар) және температураның жоғарылауы күтіледі.

Осылайша ай бойы көктемгі жылу мен суық күндер алмасып отырады. Дәл осындай ауа райы екінші онкүндіктің ортасы мен үшінші онкүндікте де күтіледі. 

Наурыздағы ауа температурасы орташа нормадан жоғары 1...20С дейін болады деген болжам бар. Тек Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстанда, Қостанайдың басым бөлігінде және Ақтөбенің солтүстігінде нормаға жуық болады.

Жауын-шашынның айлық мөлшері Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды мен Ақтөбенің оңтүстігінде нормаға жуық, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан асады деп күтілуде.

Синоптиктер айлық болжамның 60-65% ықтималдылықпен берілгенін айтады.