«4 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз көктайғақ сақталады. Ақмола облысының жекелеген жерлерінде тұман болжанады. Таңертең және күндіз кей аумақтарда жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды», - деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті синоптиктерге сілтеме жасап.
16:05, 03 Ақпан 2020
Синоптиктер Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысында ескерту жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.