Синоптиктер таулы аудандардағы ауа райын хабарлады
09:32, 29 Наурыз 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 2018 жылдың 29 наурызында Қазақстанның таулы аймақтары мен шекаралық өңірлерде болжанып отырған ауа райы жөнінде мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Іле Алатауы және Жетісу Алатауында жауын-шашын күтілуде, ауа температурасы 2000 метр биіктікте түнде 1-3 градус суық, күндіз 3-5° жылы; 3000 метр биіктікте түнде 5-7 градус суық, күндіз 1-3 градус жылы болады.
Қырғыз Алатауында - жаңбыр жаууы ықтимал; ауа температурасы түнде 3-8° жылы, күндіз 13-18° жылы болуы ықтимал.
Талас Алатауында - кей жерлерде жаңбыр жауады; ауа температурасы түнде 0-5°, күндіз 4-9° жылы.
Батыс Алтайда - жауын-шашынсыз; ауа температурасы түнде 0-5° суық, күндіз 5-10° жылы.
Тарбағатай жотасында жауын-шашын күтілуде; ауа температурасы түнде 3° суық, күндіз 5-10° жылы болуы мүмкін.