Синоптиктердің ақпараты бойынша, 17 шілдеде күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде 42 градусқа дейін ыстық болады.
17 шілде күні Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан 15-20 м/с екпінде жел соғып, шаңды дауыл тұруы ықтимал. Күндіз жекелеген аумақтарда 40 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін.
17 шілде күні күндіз Қостанай облысында ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.