Синоптиктердің 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясы бойынша тараған оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) алып келеді. Кей жерлерде жауын-шашын қатты болады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын мен желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді, екпіні 23-28 м/с-қа, түнде облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.  

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с артуы мүмкін. 

Қызылорда,  Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде сондай-ақ тұман, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с жетеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, 17-22 м/с жылдамдықта жел тұрады. 

Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, 15-20 м/с екпінде жел күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні күндіз 25 м/с жетуі ықтимал. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Соңғы жаңалықтар