Атап айтқанда, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-22 м/с күшейеді. Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл тұрады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 3 градус үсік сақталады.
Сонымен қатар Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.