Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысынының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні кей жерлерде 23-28 м/с артады.
Қостанай облысының басым бөлігінде, сондай-ақ Ақмола, Жамбыл, түнде Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с артады.
Қарағанды облысының басым бөлігінде, Атырау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай болжанады.
Сондай-ақ Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы. Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.