Синоптиктердің таяу үш күндегі ауа райы болжамы

АСТАНА. Қазақпарат - «Қазигдромет»  РМК  2-4 наурыз күндергі ауа райын хабарлады.

«Суық арктикалық ағын Қазақстанның оңтүстік, солтүстік облыстарына араласады. Оның ықпалымен республиканың шығысында таяу тәулікте қар жауады. Оңтүстікте де 2 наурызда қар жауады деп күтілуде. 2 және 3 наурызда елдің оңтүстік-шығысында таулы жерлерде қалың қар түседі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, температура 1-3ºС нормадан төмен», - делінген хабарламада.

Республиканың қалған аймағы антициклон ықпалында болады, сондықтан аспан ашық, жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы климаттық нормадан 3-7ºС жоғары.