Синоптиктердің 19 қаңтарға күн райы болжамы

АСТАНА. KAZINFORM – 19 қаңтарда елдің басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Елдің тек батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аудандарында атмосфералық фронттардың өтуімен құбылмалы ауа райы болжанады – қар жауып, жаяу бұрқасын болады.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қазақстанның барлық аумағында – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.