Синтезаторда патриоттық ән орындаған тауық желіні дүр сілкіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Желіде тауықтың синтезаторда американдық патриоттық әнді орындаған сәті түсірілген ролик кеңінен танымал бола бастады.

 Мэриленд  штатындағы Джокгу деп ат қойылған тауық тұмсығымен музыкалық аспаптың  жарықтандырылған клавиштерін соққылап, 1910 жылы шыққан America the Beautiful әнін орындайды.

Тауықтың иесі Шеннон Майерстің айтуынша, оған синтезаторда ойнауды үйретуге небәрі екі апта қажет болған.