«Сипа» және «Бек» лақап атымен танымал қылмыс «беделділері» ұсталды - ҚР ІІМ

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Соңғы аптада ішкі істер қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың екі беделдісін және бір қатысушысын қолға түсірді. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұман мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Құқық қорғаушылар осы аптада ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша 22 іс қозғаған.

Алматы және Шымкент қалаларында полиция қызметкерлері «Сипа» және «Бек» лақап атымен танымал қылмыстық «беделділерді» ұстады. Олар ТМД елдерінің криминалдық жетекшілерімен қылмыстық байланыста болып, Қазақстанда қарақшылық шабуылдар жасап келген.

Полицияның қолына түскен қылмыскерлерден ауыр есірткі заты, Макаров тапаншасы табылды.