Тарих беттеріндегі айтулы оқиғаларды жырға қосып, елдің өткені мен бүгінін жас ұрпақ жадында жаңғыртуды мақсат еткен жыр додасына республиканың түкпір-түкпірінен 12 ақын қатысты.
Айтысты ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев жүргізді. Ал қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Сауытбек Әбдірахманов, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Жүрсін Ерман және тағы басқалар болды.
– Айтыс қорытындысы бойынша Жансая Мусина және Бекарыс Шойбек
арнайы жүлде иегері атанса, жүлделі ІІІ орынды Мақсат Ақанов пен Рүстем Қайыртай, ІІ орынды үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов, І орынды Мейірбек Сұлтанхан иеленді. Бас жүлдені Сара Тоқтамысова қанжығалады, - делінген хабарламада.
Бұған дейін біз 100 жыл бұрын Қызылорда астана атанғанда қала халқының саны қанша болғанын жазған едік.