Оның құны 38 млн долларға дейін жетуі мүмкін. Асыл тастың салмағы - 15,38 карат. Мамандар қызғылт түсті гауһар тастардың арасында осындай жоғары сапалылары сирек кездесетінін айтып отыр. Бұған дейін осы Sotheby's аукцион үйі Гонконгта 32 млн долларға әлемдегі ең ірі көгілдір түсті гауһар тасты сатқан болатын.
07:50, 09 Сәуір 2016
Сирек кездесетін қызғылт түсті гауһар тас сатуға шығарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Sotheby's аукцион үйі келесі айда Женевада өте сирек кездесетін қызғылт түсті гауһар тасты сатылымға шығармақ, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.