АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өрмекшілердің сирек кездесетін түрі Техас штатының Сан-Антонио қаласында табылды.
Бұл жәндіктердің анықталуы жергілікті билікті жобасы 15 млн. долларға бағаланған құрылысты тоқтатуға мәжбүрледі.
Cicurina venii атты бұл өрмекші үңгірлерді мекендейді. Табиғатынан көздері болмайтын осы жәндік мемлекет тарапынан қорғалады. Бұл өрмекші 1980 жылдан бері екінші рет қана анықталып отыр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.