Сирек кездесетін құстың балапандарын тамақтандыру сәті фототұзаққа түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына орнатылған фототұзақ ерекше сәттерді таспаға түсіріп алған. 

Фото: видеодан алынған скрин

Кадрларда жамансары (ақсары) құсының табиғи тіршілігі — жабайы табиғаттың шынайы болмысы мен дала экожүйесінің ғажайып үйлесімі бейнеленген.

Видеодан құстардың жұптасып тіршілік ету ерекшелігін, балапан өсірудегі үйлесімді әрекетін және ата-аналық инстинктінің жоғары деңгейін айқын көруге болады. Ересек құстардың кезектесіп азық әкелуі, балапандарын қоректендіруі, ұясын қорғап әрі ретке келтіруі — жыртқыш құстар экологиясындағы маңызды мінез-құлықтың ерекшелігі.

Мұндай фототұзақ материалдары сирек кездесетін құстардың биологиясын зерттеуде, олардың мекен ету ортасын бақылауда және популяциялық мониторинг жүргізуде ерекше ғылыми маңызға ие. Сонымен қатар бұл адамның араласуынсыз таспаланған табиғаттың шынайы тынысы.

Айта кетелік Шарын ұлттық паркінің аумағында фототұзаққа қыран түсіп қалған еді