Ұлттық паркте үнді жайрасы фототұзаққа түсіп қалды
01:05, 26 Сәуір 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде фототұзаққа үнді жайрасы түсіп қалды.
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген үнді жайрасы Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында фототұзаққа түсіп қалды.
Үнді жайрасы — Қазақстанда өте сирек кездесетін түр. Бұл дерек аталған сирек түрдің ареалында әлі де тұрақты тіршілік ететінін көрсетеді, сондай-ақ ғалымдарға оның саны мен белсенділігін зерттеуге мүмкіндік береді.
Еске салсақ «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінде фототұзаққа сирек кездесетін жануарлар іліккені туралы жазған едік.