Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген үнді жайрасы Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында фототұзаққа түсіп қалды.
Үнді жайрасы — Қазақстанда өте сирек кездесетін түр. Бұл дерек аталған сирек түрдің ареалында әлі де тұрақты тіршілік ететінін көрсетеді, сондай-ақ ғалымдарға оның саны мен белсенділігін зерттеуге мүмкіндік береді.
Еске салсақ «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінде фототұзаққа сирек кездесетін жануарлар іліккені туралы жазған едік.