Сирия әскері 30 желтоқсанда түн ауа елдегі соғыс қимылын тоқтатады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия әскері 30 желтоқсанда сағат 00.00-ден бастап Сирияның барлық аумағындағы соғыс әрекетін тоқтатады.

Бұл туралы бейсенбіде Сирия ҚК қолбасшылығы мәлімдеме таратты.

«Бірқатар бағыт бойынша Сирия Қарулы Күштері қол жеткізген жеңіс пен табыстардан кейін қолбасшылық 30 желтоқсанда мәскеу уақыты бойынша 00.00-ден бастап Сирия Араб Респубикасы аумағындағы соғыс әрекеттерін толықтай тоқтатады", деген мәлімдемені келтіреді ТАСС  SANA агенттігіне сілтеме жасап.