Осы ретте билік жергілікті тұрғындарды содырлар бекінген аймақтардан аулақ болуға шақырды. Өткен түні мұнда лаңкестер бекінген аудандарға бірнеше жойқын әуе соққысы жасалды. Жалпы әскери әрекеттер 12 қыркүйекте АҚШ пен Ресейдің қол жеткізген бітімгерлік келісімі бұзылғанынан кейін басталды.
Айта кеткен жөн, қарулы қақтығыстар Алеппоның оңтүстік бөлігінде де жүріп жатыр. Мұнда лаңкестер үкіметтік жасақтың қоршауын бұзып өтпек.