Сирия әскері Ракка провинциясының шекарасын бұзып кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия үкіметінің әскері Ресей әскери ғарыш күштерінің көмегімен лаңкестер бақылауындағы Ракка провинциясының шекарасын бұзып кірді. Бұл туралы Лондондағы Сириядағы адам құқығын қорғау орталығы мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

Шабуыл жасаған үкімет әскері ТГИЛ лаңкестерінен стратегиялық маңызы зор елді мекенді тартып алды. Бұл соңғы күндері содырларға жасалған үшінші үлкен соққы болып отыр.

АҚШ басқаратын коалиция көмегімен Ирак жауынгерлері де Әл-Фаллуджа қаласы үшін соғыста содырларға жойқын соққы жасауда. Оған қоса, Сириядағы күрт жасағы да осы коалиция көмегімен Алепподағы Манбидж қаласын лаңкестерден азат еткен.

Айта кетейік, Ракка ТГИЛ лаңкестерінің астанасы болып саналады.

Фото: www.gazeta.ru