Сирияның SANA мемлекеттік ақпарат агенттігінің мәліметінше, жарылыс Хиджаз ауданындағы дәмханалардың бірінде болған. Оқиға салдарынан бірнеше адам жарақат алған.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кейбір куәгерлердің айтуынша, жарылысқа аккумулятор батареясының қызып кетуі себеп болуы мүмкін.
Полиция оқиға орнын қоршауға алып, жақын маңдағы аумақты бақылауға алды. Бұл маңға бірнеше жедел жәрдем көлігі келді.
Бұған дейін Дамаск қаласында Сирия Қорғаныс министрлігі ғимаратының маңында жарылыс болды. Оқиға салдарынан бір әскери қызметкер қаза тауып, тағы 23 адам жараланған болатын.