Көтерілісшілер Сириядағы ең ірі қала Алеппоның басым бөлігін бақылауға алғаны жарияланды.
Сирия басшысы өз мәлімдемесінде «Сирия жерінің әрбір бөлігін қорғауға» және Ресей, Иран және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты одақтастардың қолдауымен «лаңкестер мен олардың жақтастарына» қарсы күресті жалғастыруға уәде берді.
Ал Ресей жағы Сирия аумағындағы көтерілісшілердің позицияларына әуеден соққы бергенін хабарлады. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, осының нәтижесінде 300-ге жуық содыр көз жұмды.
Бұған дейін сириялық көтерілісшілер Алеппоның орталық аудандарына жеткені хабарланды.
Айта кетсек, «Хайят Тахрир аш-Шам» (ХТШ) тобы «Әл-Қаиданың» (Қазақстанда тыйым салынған — авт.) бұрынғы сириялық бөлімі және Сирияның солтүстік-батысының бір бөлігін бақылайды. Бұрынғы жылдары бұл топ «Джабхат ан-Нусра» деп аталды, бірақ кейін «Әл-Қаидадан» алшақтау үшін атын өзгертті.