Сирия билігі елдің елтаңбасын өзгертті
АСТАНА. KAZINFORM – Сирияның жаңа мемлекеттік елтаңбасы Дамаскіде ресми рәсімде таныстырылды, деп хабарлайды Kazinform SANA агенттігіне сілтеме жасап.
Жаңа мемлекеттік рәмізде енді қанатын кеңге жайған қыран құс, басының үстінде үш жұлдыз бейнеленген. Сирияның өтпелі президенті Ахмед аш-Шараның айтуынша, бұл өзгеріс ел тарихындағы жаңа кезеңді, сондай-ақ Сирия халқының күш-қуаты мен табандылығын білдіреді.
– Бұл құс – аспанда қалықтайтын ержүрек жауынгер, қырағы аңшы, өз отбасының қорғаушысы. Оның түсі ескірмейтін ең таза металл тәрізді. Сирия халқы ежелден осындай болды, жаңа дәуірде де солай болуы керек, - деді Ахмед аш-Шараа.
Бүгінге дейін Сирияның елтаңбасында екі жұлдызы бар, кеудесінде қалқаны бар қыран бейнеленген. Құс табанында «Сирия Араб Республикасы» деген жазуы бар лента болған.
Осыған дейін Трамп АҚШ-тың Сирияға қарсы санкцияларын алып тастағанын жазған едік.