Мұндай шешім елордада бүгін өткен Астана процесінің 19-халықаралық келіссөзі барысында қабылданып, кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесінде тіркелді.
Бірлескен мәлімдемені ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов жария етті
«Тараптар 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Астанада Сирия бойынша 20-халықаралық кездесу өткізуге уағдаласты. Сондай-ақ олар 2022 жылғы 19 шілдедегі үшжақты саммиттің қорытынды мәлімдемесінде бекітілген Ресей Федерациясында келесі жоғары деңгейдегі кездесуді ұйымдастыру туралы келісімді атап өтті», - делінген Әділ Тұрсынов жариялаған бірлескен мәлімдемеде.