Сирия бойынша Астана процесінің кезекті отырысы тамызда өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылғы 1-2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Сирия бойынша Астана процесінің жоғары деңгейдегі 13-ші халықаралық кездесу өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап.


Алдағы кездесуде кепілгер елдері, яғни Иран, Ресейжәне Түркия, сондай-ақ Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдерініңқатысуы жоспарлануда. Бақылаушылар ретінде БҰҰ мен Иорданияның, сондай-ақ Сириядағы дағдарыстыреттеу жөніндегі Астана процесіне алғашқы рет қатысатын Ирақпен Ливанның жоғарыдеңгейіндегі өкілдері сирияаралық келіссөздерге септігін тигізеді.

Кездесу Сириядағы, әсіресе Идлиб провинциясы мен елдіңсолтүстік-шығысындағы қазіргі ахуалды талқылауға, қақтығысушы тараптарарасындағы сенімді нығайтуға және саяси процесті одан әрі ілгерілетуге,сондай-ақ Сирия бойынша конституциялық комитетті құру және іске қосу бойыншажұмысты аяқтауға баса назар аударады.

1 тамызда екіжақты және көпжақты, соның ішінде Сирияның үкіметі мен қарулыоппозициясы өкілдерінің қатысуымен, алдын-ала консультациялардың өткізілуіжоспарлануда, ал жалпы отырыс 2 тамызда өтеді.

Соңғы жаңалықтар