Өтпелі кезең аясында жасақталған жаңа парламенттің алғашқы отырысында Абдельхамид Аввак Сирия Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Абдельхамид Аввак 99 дауыс, Муайяд Кабалави — 75, ал Мұхаммад Корейдж 31 дауыс жинады.
Сайланғаннан кейін саясаткер ант қабылдап, ресми түрде қызметіне кірісті.
Сириядағы өтпелі кезең аясында құрылған Халық кеңесінің өкілеттік мерзімі 30 ай болып белгіленді.
Бұған дейін АҚШ Сирияны терроризмді қолдайтын елдер тізімінен шығаруды жоспарлап отырғанын жазғанбыз.
Сонымен қатар Сирияға Химиялық қаруға тыйым салу ұйымына дауыс беру құқығы қайтарылғаны анықталды.